Футболдан әлем чемпионатының кубогы Қазақстанға жеткізілді

193

Таза алтыннан жасалған кубоктың салмағы – 6,142 келі. 

Футболдан әлем чемпионатының кубогы Қазақстанға жеткізілді Фото: ФИФА

Алматыға футболдан әлем чемпионатының кубогы келді. Республика сарайында өткен спорттық іс-шараны көруге 3,5 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кубокты федерация өкілдері мен футболдан әлем чемпионы, даңқты ойыншы Марко Матерацци бірге алып келді. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына трофейді жақыннан көру бақыты бұйырды. 

Футболдан әлем чемпионатының түпнұсқа кубогына тек әлем чемпиондары мен мемлекет басшылары ғана қол тигізе алады.

"Мен италиялықпын, әрине, Италия жеңуі мүмкін деп сенемін. Алайда қазір кім чемпион болатынын алдын ала болжау қиын. Аргентина өте жақсы нәтиже көрсетіп жүр, мұнда Лео Мессидің еңбегі зор. Бразилия мен Германия да мықты, олардың құрамалары күшті әрі тәжірибесі мол. Десек те, таңғалдыруы мүмкін басқа командалар да бар деп ойлаймын. Мәселен, Марокко, Испания және Португалияның ойыны жақсы ұйымдастырылған әрі кубок үшін таласуға мүмкіндіктері жетеді", – деді Марко Матерацци.

Алтын кубок Қазақстанға алғаш рет 2010 жылы, кейін 2018 жылы әкелінген. Негізінен трофей Швейцариядағы FIFA музейінде сақталады. Төрт жыл сайын әлемдік турне аясында ғана музейден шығарылып, елдерге жол тартады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу