Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны ірі есеппен жеңді

275

Бұл туралы Sports.kz басылымы хабарлайды. 

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны ірі есеппен жеңді Фото: sports.kz

"Астана Арена" стадионында футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұл Қазақстан командасының УЕФА-ның Ұлттар лигасындағы соңғы және алтыншы матчы еді.

Бірінші таймның 40-шы минутында Қазақстан құрамасының капитаны Юлия Мясникова есеп ашып берген.

Ал екінші кезеңде 48-минутта Аида Гайстенова есепті 2:0-ге жеткізді. Он минуттан кейін Юлия Мясникова екінші голын қайта соқты. 68-минутта Армения ойыншысы Клаудия Чолакян айып добын орындады. Доп Қазақстан қақпашысы Ангелина Портнованың арқасына тиіп, қақпаға кіріп кетті. Дегенмен 71-минутта Камила Құлмағамбетова матчтың нүктесін 4:1 есебімен қойды.

Алты турдың қорытындысы бойынша, Мадияр Кембілов жаттықтыратын Қазақстан С4 тобы 8 ұпаймен үшінші орынды иеленді. Израиль (16 ұпай) көш бастаса, Эстония (10 ұпай) екінші сатыға қол жеткізді. Ал Арменияда бірде-бір ұпай жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу