Футболдан әйелдер құрамасына бас бапкер тағайындалды

769

Футболдан әйелдер құрамасына бас бапкер тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Әйелдер құрамасын енді Рәзия Нүркенова жаттықтырады.

Рәзия Нүркенова – Қазақстанда дүниеге келген. Қарағанды қаласының педагогикалық институтында білім алған. 1992 жылдан бастап Самара қаласының ЦСК ВВС командасында ойнаған. 2001 жылы футбол мансабын аяқтап, 2003 жылдан бастап ЦСК ВВС спорт мектебінде бапкерлік қызметін бастады. 2009 жылдан бастап әйелдер футболынан ЦСК ВВС кәсіби командасының бас бапкері атанды. 2007 жылдан бастап Ресей қыздар құрамасының аға жаттықтырушысының көмекшісі. Футболдан бірінші дәрежедегі төреші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу