Футболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен ойнайтын болды

1230

FIFA-ның соңғы рейтингі бойынша Өзбекстан 85, Қазақстан 121 орында тұр.  

Футболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен ойнайтын болды

Футболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстан өкілдерімен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Жолдастық кездесу алдағы жылдың наурыз айында өтуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі таңда екі елді футбол басшылығы арасында тиісті келіссөз жүргізілуде. Алдын ала келісім бойынша кездесу 2020 жылдың 26 наурызында өтуі тиіс.

Екі құрама бүгінгі күнге дейін 6 мәрте кездескен. Қос құрама соңғы рет 13 жыл бұрын бір-бірімен шеберлік байқасқан. Оның ішінде 2 ойында өзбекстандық құрама жеңіске жетсе, біреуінде қазақстандық футболшылар басым түсті. Үш ойында екі құрама тең нәтижеге қанағат білдірді.

1992 жылдың 16 шілдесінде өткен алғашқы кездесуде қазақ футболшылары жеңіске жетсе, сол жылдың 14 қазанында екеуі 1:1 есебімен тең тарқасты. Ал 1994 жылдың 13 сәуірінде Өзбекстан құрамасы 1:0 есебімен басым түссе, 1997 жылдың 20 қазанында тағы да 1:1 есебіне қанағат білдірді. Сондай-ақ, 1997 жылдың 25 қазанында Өзбекстан қазақстандық құраманы 4:0 есебімен тізе бүктірсе, 2007 жылдың 11 наурызында қос құрама тағы да 1:1 есебімен тең түсті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу