Футзалдан Қазақстан суперкубогі Атырауда өтеді

1236

Кездесу 14 қыркүйек күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "Жайық" спорт кешенінде  өтеді.

Футзалдан Қазақстан суперкубогі Атырауда өтеді

Футзалдан Қазақстан Суперкубогін "Қайрат" пен "Ақтөбе" командалары сарапқа салады,  деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыс жергілікті уақытпен 17:00-де басталады. Дәл осы күні ҚР Кубогының 2019-2020 жылғы жаңа маусымның іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Іріктеу кезеңдері 15-18 қыркүйек күндері "Атырау" және "Жайық" спорт кешендерінде өтеді. Оған Қазақстанның кәсіби футзал командаларымен әуесқой спорт командалары да қатысады. " Қайрат" (Алматы), "Ақтөбе" (Ақтөбе), "Аят" (Рудный), "Жетісу" (Талдықорған), "Оқжетпес" (Көкшетау) және "Каспий" (Ақтау) кәсіби футзал командалары Қазақстан кубогы үшін алаңға шығады. Ал әуесқой командалар саны жарыс алдында берілген өтінім бойынша белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу