G20 саммиті: Зеленский Ресейдің жойқын соғысын тоқтатуға шақырды

460

Украина Президенті Владимир Зеленский Балиде өтіп жатқан G20 саммитінің қатысушыларына жасаған бейнеүндеуінде Ресейдің жойқын соғысын тоқтатуға шақырды, деп жазады inbusiness.kz "Украинская правда" сайтына сілтеме жасап.  

G20 саммиті: Зеленский Ресейдің жойқын соғысын тоқтатуға шақырды Фото: www.pravda.com.ua

"Ресейдің жойқын соғысын тоқтату керек. Оны тоқтататын уақыт келгеніне сенімдімін", - деді Зеленский.

Саммитте сөйлеген сөзінде Украина басшысы "Минск-3" келісімі болмайтынын мәлімдеді.

"Біз Ресейге өз күшін арттыруға жол бермейміз", - деді ол.

Зеленский Запорожье атом электр станциясында жалғасып жатқан әскери қимылдарға тоқтала отырып, әлемді ядролық апатпен бопсалауға ешкімнің де құқығы жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ресей бұл станцияны "кез келген уақытта жарылуы мүмкін радиоактивті бомбаға" айналдырып отыр.

Сондай-ақ, Украина Президенті Ресейге барлық тұтқынды алмасуды ұсынды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу