G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді

142

"Үлкен жетілік" елдері көмірден бас тартудың ортақ күніне қатысты келісімге келді. Жоспар бойынша құжатқа 30 сәуірде қол қойылады.  

G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді Фото: RFI

"Үлкен жетілік" (G7) елдерінің энергетика министрлері 2030 жылдардың бірінші жартысында электр энергиясын өндіруде көмірді пайдаланудан бас тарту туралы түбегейлі келісімге келді, деп жазады Inbusiness.kz сайты DW-ға сілтеме жасап.

"Техникалық келісім бар", - деді Италияның Энергетика министрі Джилберто Пикетто-Фратин Туриндегі кездесу кезінде.

Соңғы келісімге 30 сәуір, сейсенбіде қол қойылуы керек. Онда экономиканы декарбонизациялаудың егжей-тегжейлі жоспары жарияланады. G7 елдері 2023 жылы көмір электр станцияларынан бас тартуға келіскенімен, ортақ бір мерзімге қатысты бір шешімге келе алмаған еді. 

Сонымен бірге, биыл G7-ге төрағалық ететін Италия 2025 жылға қарай Сардиния аралындағылардан басқа барлық көмір электр станцияларын өшіруге ниетті. Әзірге электр энергиясының 26 пайызы көмір электр станцияларының үлесіне тиетін Германия 2038 жылға қарай көмірден толығымен бас тартуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу