G7 елдері министрлерінің кездесуі 7 сәуірде өтеді

745

Одан кейін НАТО елдерінің Сыртқы істер министрлері бас қосады.  

G7 елдері министрлерінің кездесуі 7 сәуірде өтеді

G7 тобының сыртқы саяси ведомстволарының басшылары 7 сәуірде Брюссель қаласында келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz  Жапония СІМ-не сілтеме жасап.

Бұл күні алдымен G7 елдерінің СІМ басшылары кездесу өткізеді. Одан кейін НАТО-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы ұйымдастырылады.

Екі кездесуде Жапония СІМ басшысы Есимаса Хаяси болады. Жапон министрі алғаш рет альянстың шақыртуымен НАТО елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуіне қатысқалы отыр.

"Жапония мен НАТО елдері арасындағы ынтымақтастық тек Украинадағы жағдайға байланысты емес, сондай-ақ Үнді-Тынық мұхитында еркін аймақ құру тұжырымдамасын іске асыруға бағытталады", – деп жазылған Жапония Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Ескере кететін жайт, 5 сәуірде Ұлыбритания Украинаның Буча қаласындағы жағдай бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу