G7 елдері резервтегі мұнай қорын бірлесіп пайдалануы мүмкін

178

Мұндай идеяны үлкен жетілікке кіретін кейбір елдер қолдаған.    

G7 елдері резервтегі мұнай қорын бірлесіп пайдалануы мүмкін Фото: sbs.com

"Үлкен жетілік" елдерінің қаржы министрлері дүйсенбі күні Халықаралық энергетикалық агенттік үйлестіретін резервтегі мұнай қорларын бірлесіп пайдалану мүмкіндігін талқылайды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазақпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай шешім мұнай бағасының күрт өсуі аясында қабылданды. Баға 2022 жылдың ортасынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді. Бұған ірі өндірушілердің кейбірі жеткізілімді қысқартуы және АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысының кеңеюі салдарынан теңіз тасымалына ұзақ уақыт кедергі келуі мүмкін деген қауіп әсер етіп отыр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, "Үлкен жетілікке" кіретін үш мемлекет, оның ішінде АҚШ, резервтегі мұнай қорларын бірлесіп пайдалану идеясын қолдаған.

Алайда сарапшылардың пікірінше, мұндай қорларды пайдалану белгілі бір деңгейде шикі мұнай жеткізілімін арттырғанымен, мұнай өңдеу қуаттарының тапшылығын толық өтемейді.

Мамандардың пікірінше, Үлкен жетілік пен Халықаралық энергетикалық агенттік тарапынан жасалуы мүмкін бұл қадам негізінен нарыққа психологиялық әсер етуге бағытталған. Яғни, ірі мәміле жасалады деген үміт арқылы нарық қатысушылары бағаның төмендеуіне ықпал етеді деген есеп бар.

Сонымен бірге сарапшылар Таяу Шығыстағы қақтығыс 4–5 аптадан ұзаққа созылса, мұнай бағасы қайтадан күрт өсіп, барреліне 120 долларға дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді.

Үлкен жетілік –  құрамына Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, Жапония және АҚШ кіретін халықаралық клуб.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу