G7 елдері Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруын айыптады

618

25 мамырда Солтүстік Корея үш баллистикалық зымыран ұшырған болатын.

G7 елдері Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруын айыптады

G7 елдерінің СІМ басшылары Солтүстік Кореяны зымыран сынақтарын тоқтатып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары шеңберіндегі міндеттемелерді орындауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Германия СІМ жариялаған мәлімдемеге сілтеме жасап.

"Бізді бұрын-соңды болмаған баллистикалық зымыран сынақтары алаңдатып отыр. G7 Сыртқы істер министрлері мен ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі КХДР-ды жаппай қырып-жою қаруы мен баллистикалық зымырандарды жасау бағдарламаларынан бас тартып, Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары шеңберіндегі барлық міндеттемелерді толықтай орындауға шақырамыз", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Оңтүстік Корея билігінің мәліметінше, 25 мамырда Солтүстік Корея үш баллистикалық зымыран ұшырды. Әскерилердің дерегі бойынша, олардың бірі – құрлықаралық, ал қалған екеуі – қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу