G7 көшбасшылары саммитті Хиросимадағы Бейбітшілік саябағынан бастады

410

"Үлкен жетілік" елдері мен үкіметтерінің басшылары жоғары деңгейдегі кездесуді Жапонияда Хиросима атом бомбасының құрбандарына арналған мемориалға гүл шоқтарын қоюдан бастады.   

G7 көшбасшылары саммитті Хиросимадағы Бейбітшілік саябағынан бастады Фото: static.dw.com

"Үлкен жетілік" саммиті Хиросимада 19 мамыр күні таңертең ашылды. Ресми бағдарлама 1945 жылғы америкалық атом бомбасының құрбандарын еске алуға арналған Бейбітшілік саябағына барудан басталды, деп жазады inbusiness.kz DW-ға сілтеме жасап.

Делегаттар бомбалаудан зардап шеккендер мен құрбандарды еске алуға арналған экспозицияны ұсынатын Бейбітшілік мұражайына таңертең ат басын тіреді. G7 президенттері мен Үкімет басшылары келушілер кітабында өз жазбаларын қалдырды. Одан кейін көшбасшылар мемориалға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Сонымен қатар, бейбітшілік саябағында ағаш отырғызу рәсімі өткізілді.

21 мамырға дейін жалғасатын талқылаулардың негізгі тақырыбы - Украинадағы соғыс пен Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу