Ғабит Мүсіреп "Egemen Qazaqstan" газетіне бас редактор болды

1907

Бұған дейін Басқарма төрағасының орынбасары – бас редактор қызметін атқарып келген Айбын Шағалақ "Egemen Qazaqstan" РГ АҚ Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ғабит Мүсіреп "Egemen Qazaqstan" газетіне бас редактор болды

"Egemen Qazaqstan" газетіне бас редактор тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылдан, яғни V курстан бастап "Egemen Qazaqstan" жалпыұлттық республикалық газетінде жұмыс істеп бастаған. Қазақ баспасөзінің қарашаңырағында тілші, аға тілші, шолушы, бөлім меңгерушісі, одан әрі бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Бұған дейін "Нұр Астана" республикалық жастар апталығының бас редакторы қызметінде болған. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ғабит Мүсірептің "Рухыңды түсірме, ұлым" (2010 жыл) атты публицистикалық шығармалар жинағы жарық көрген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу