Гаитиде жер сілкінісі құрбандарының саны артты

735

329 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Гаитиде жер сілкінісі құрбандарының саны артты Фото: reuters.com

14 тамызда Гаитиде болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2248-ге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің азаматтық қорғау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, табиғи апат салдарынан 12 763 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Тағы 329 адам хабар-ошарсыз кеткен. Аймақтағы 53 мыңнан астам ғимарат толығымен, 83 мыңнан астамы ішінара қирады.

14 тамызда Гаити жағалауында 7,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Пети-Тру-де-Нип елді мекенінен солтүстікке қарай сегіз шақырым жерде, ал оның ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу