Ғаламторды бақылау барысында экстремистік мазмұндағы 11 мыңға жуық материал анықталған

155

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.

Ғаламторды бақылау барысында экстремистік мазмұндағы 11 мыңға жуық материал анықталған Фото: Москва 24

2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 40 мыңнан астам түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларға еліміздің барлық өңірлерінен 1,5 миллионнан астам адам қатысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Басты назар діни экстремизмнің алдын алуға және оған қарсы іс-қимылды онлайн жүргізуге аударылды. Алты ай ішінде 17 мыңнан астам ақпараттық материал әзірленіп, оның 2 482-сі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды, ал әлеуметтік желілерде 60 мыңнан астам жарияланым орналастырылды. Ақпараттық жұмыс зайырлы құндылықтарды насихаттауға, конфессияаралық келісімді нығайтуға және экстремистік идеологияға қарсы тұра алатын тұрақты иммунитет қалыптастыруға бағытталған", – делінген хабарламада.

Интернет желісін бақылау нәтижесінде экстремистік мазмұндағы 10 852 материал анықталды, олардың 3 126-сы жойылды. Дінтану сараптамасы 2 мыңнан астам материалды зерделеді. Оның шамамен 70%-ының қорытындысы оң болды, ал 20%-ында діни мазмұн белгілері анықталған жоқ.

Жұмыстың маңызды бөлігі – діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру. 2025 жылдың қаңтарынан бастап "ескерту" институты енгізілді және ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша айыппұл мөлшері 50% төмендетілді. Сондай-ақ, діни әдебиетті тарату орындарын келісу тәртібі жеңілдетілді.

Бұдан бөлек, сенім бостандығы мен діни наным-сенімді бағалау бойынша Ұлттық индикаторлар бекітілді. Олар конфессияаралық қатынастардың, мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара байланысын, сондай-ақ интернеттегі діни белсенділік көрсеткішін анықтайды.һ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу