Галбадрах Отгонцэцэг IJF рейтингінде төрт орынға жоғарылады

672

Бұған дейін оныншы орында тұрған отандасымыз алтыншы сатыға тұрақтады.

Галбадрах Отгонцэцэг IJF рейтингінде төрт орынға жоғарылады

Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг жаңартылған IJF рейтингінде төрт сатыға жоғарылады, деп жазады Olympic.kz. 

48 келіде белдесетін Галбадрах Загребте өткен Гран-при турнирінде чемпион атанып, 700 ұпайға иелік етті. Бұл спортшының рейтингте жоғарылуына мүмкіндік береді.

Бұған дейін оныншы орында тұрған отандасымыз алтыншы сатыға тұрақтады.

Айта кетелік, Галбадрах Отгонцэцэг Загребтегі Гран-при финалында франциялық Милана Клементті "иппон" ұпайымен жеңді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу