Ғалым қандай жағдайда бетперде кию керектігін түсіндірді

2115

Түшкіру мәдениетін сақтау маңызды.  

Ғалым қандай жағдайда бетперде кию керектігін түсіндірді

Медициналық бетперде тек дәрігерге және коронавируске шалдыққан адамға ғана қажет. Бұл туралы балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Динагүл Баешова айтты.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және көптеген жетекші әлемдік ұйымдар бетпердені ең маңызды қорғаныс құралы ретінде санамайды. Бұл індет бетперде міндетті түрде киілуі керек инфекция емес. Ең бастысы – жеке тазалықты сақтау", –  деді Динагүл Баешова.

Оның айтуынша, науқас мұрнынан аққан суды шашпау үшін бетперде киеді.

"Науқас адаммен кемінде екі метр арақашықтықты сақтау керек. Әрине, бетперде науқастармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер мен медбикелерге қажет. Дегенмен, маска кию – коронавирустық инфекцияның алдын-алу шарасы емес. Оңтүстік Кореяда адамдар бетперде сатып алуға кезекте тұрды. Ал қазір олардың ауруға шалдығуының қалай өсіп жатқанына қараңыз. Неліктен түшкіру мәдениетін сақтау маңызды? Бір адам түшкіріп, мұрнын жауып, автоматты түрде үстелге қолын тигізеді. Келесі адам осы үстелге қолын тигізіп, көзін сүртсе, инфекция жұғады. Бұл туралы барша халық хабардар болуы керек", – деді профессор.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу