Ғалым Мәмбетәлиев Қазақстан студенттер құрамасын тізгіндеді

491

Шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасының бас бапкері болып Ғалым Мәмбетәлиев тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.  

Ғалым Мәмбетәлиев Қазақстан студенттер құрамасын тізгіндеді Фото: shaiba.kz

Қазақстандық маманның қол астында Қазақстан студенттер құрамасы АҚШ-та өтетін Универсиадаға қатысады.

Ғалым Мәмбетәлиев 1965 жылы дүниеге келген. 1980-2002 жылдар аралығында Қазақстан, Ресей командаларында ойнады.

2002 жылдан бері елімізде бапкерлік қызметпен айналысады.

Еліміздің студенттер құрамасы 12 және 22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтетін Қысқы Универсиадаға қатысады.

Қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түседі.

Өзге топта Жапония, Украина, Швеция, Латвия, Чехия құрамалары бар.

Әрбір топтан үздік шыққан екі құрама плей-офф сатысына жолдама алады.

Қысқы Универсиадаға әлемнің 50 келінен 1400-ден астам спортшы келеді деп күтілуде. Онда 12 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу