Ғалымдар адамның жасөспірім кезеңі 32 жасқа дейін жалғасатынын анықтады

105

Зерттеушілер адамның миының қызметі 5 негізгі кезеңнен өтетінін айтты. Олар: балалық, жасөспірімдік, ересек, ерте қартаю және кеш қартаю.  

Ғалымдар адамның жасөспірім кезеңі 32 жасқа дейін жалғасатынын анықтады Фото: expertneuro.kz

Кембридж университеті ғалымдарының зерттеуі бойынша адамның жасөспірім кезеңі 32 жасқа дейін жалғасады, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сарапшылар туғаннан 90 жасқа дейінгі 4000-ға жуық адамның миына талдау жасау үшін диффузиялық МРТ сканерін қолданды.

Нәтижесінде адамның миы өмір бойы 5 маңызды эволюциялық өзгерістерге ұшырайтынын анықтады:

  • Өмірдің алғашқы 9 жылында ми қарқынды дамып, "балалық" кезеңде болатынын анықтады. Оның ішінде "желі консолидациясы", мұнда артық синапстер (қозғыш жасушалар арасындағы функционалдық байланыстар) жойылып, тек ең белсенділері қалады. 
  • Шамамен 9 жаста когнитивті қабілеттер дамуында өзгеріс болады. 9 бен 32 жас аралығындағы ми "жасөспірімдік" кезеңге өтіп, оның архитектурасы күрделене бастайды. 
  • Мидың "ересек өмірі" 32-ден 66 жасқа дейін созылады. Бұл кезеңде мидың құрылымы тұрақтанады және ол өзінің тиімділігін арттыруды тоқтатады. 
  • 66 жастан бастап ми "ерте қартаю" фазасына енеді, ол мидың ақ затының біртіндеп нашарлауымен сипатталады.
  • 83 жастан кейін мидың "кеш қартаюы" пайда болады. Бұл жаста оның жұмысының айтарлықтай баяулауы байқалады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу