Ғалымдар: Каспий теңізінің солтүстігі 75 жылдан соң тартылып кетеді

1573

Ғалымдар: Каспий теңізінің солтүстігі 75 жылдан соң тартылып кетеді

Бүгінгі таңда болып жатқан жаһандық жылыну үдерісі жағдайында Каспий теңізінің Ресей мен Қазақстанға тиесілі солтүстік бөлігі 75 жылдан соң тартылып кетеді. Ресей, АҚШ, Франция ғалымдары осындай байламға келді. Аталмыш зерттеу Geophysical Research Letters басылымында жарияланды. Ол туралы қысқаша америкалық геофизика қоғамдастығы хабарлады. 1996-2015 жылдар аралығында Каспий теңізінің су деңгейі жыл сайын 7 см-ге төмендеп отырған. Аталған уақыт аралығында көрсеткіш 1,4 метрге жеткен. Бұл 1970 жылы тіркелген тарихи минимумнан 10 метрге жоғары, деп жазады ҚазАқпарат.

Сарапшылар Каспий теңізінің су дейгейі алдағы уақытта өте жылдам төмендейтінін айтады. Бұл үдеріс әсіресе теңіздің Ресей мен Қазақстан арқылы өтетін солтүстік бөлігінде қарқынды жүреді. Аталған бөліктің толықтай тартылуы бүгінгі жылыну үдерісі жағдайында шамамен 75 жылдан соң болуы мүмкін. Су көзінің суалуы жаһандық жылымықтың салдарынан атмосфераның жоғарғы қабатының жылынуына байланысты болғалы отыр. Ғалымдар GRACE (Gravity Recovery And Climate Experiment) миссиясының спутниктен жер арқылы 4 нүктедегі станциялардан алынған мәліметтерін зерделей отырып осындай байламға келген. Каспий теңізі Еуропа мен Азия арасында орналасқан. Оған 5 мемлекет шыға алады. Су көзі 371 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Бұл аймақта мұнай, газ, тұз бар, сонымен қатар әлемдегі бекіретұқымдас балықтардың 90 проценті мекен етеді.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу