Ғалымдар Қазақстандағы ең көне адамдардың ДНҚ-сын анықтады

82

Мұндай жаңалықты ғалымдар жариялады.  

Ғалымдар Қазақстандағы ең көне адамдардың ДНҚ-сын анықтады Фото: science.org

Ғалымдар Абай облысындағы ежелгі адамдардың сүйегінен алынған ДНҚ-ны зерттеп, олардың 7,5 мың жыл бұрын өмір сүргенін анықтады. Бұл зерттеу Қазақстандағы адам популяциясының ежелгі тарихын жаңаша түсіндіруге мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зерттеудің қорытындысы Science Advances журналында жарияланды. Ғалымдар 21 адамның сүйек қалдығын талдаған: олардың 19-ы қола дәуіріне (шамамен 3400–3800 жыл бұрынғы кезеңге), ал екеуі неолит дәуіріне (шамамен 7500 жыл бұрынғы кезеңге) жатады. Бұл екеуі Қазақстан аумағынан табылған ең көне адамдар болып саналады.

Сүйектер бір жерде жерленген, олар ағайындылар немесе біріне-бірі ағасы мен жиені болуы мүмкін деп топшыланып отыр. Бұл олардың туыстық дәрежесінен көрінеді. Ғалымдар екеуі де жастай көз жұмғанын анықтады: бірі жасөспірім кезінде, екіншісі енді есейген шағында.

Зерттеушілердің пайымдауынша, жақын генеалогиялық байланыс адамдардың қалай және кіммен жерленуінде туыстық қатынастың маңызды рөл атқарғанын көрсетуі мүмкін.

Зерттеу Ақбас (Көкен) аймағында жүргізілді. Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық қазіргі қазақ халқының генетикалық тарихында жергілікті автохтон тұрғындардың үлесі айтарлықтай екенін көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу