Ғалымдар коронавирустың жаңа штамына "дельтакрон" деген атау берді

1204

Британдық эпидемиологтар SARS-COV-2 вирусының жаңа мутацияланған штамының пайда болғанын хабарлады.

Ғалымдар коронавирустың жаңа штамына "дельтакрон" деген атау берді

Ғалымдардың айтуынша, геномда "омикрон" штамында да, "дельта" штамында да бар элементтер табылған, деп жазады inbusiness.kz ВАК телеграм арнасына сілтеме жасап.

Осылайша штамм "дельтакрон" деп аталды. Зерттеушілер мутация бір уақытта екі штамды жұқтырған адамда пайда болды деп болжайды.

Сарапшылар дүрбелеңнің қажеті жоқ деп санайды, жаңа штаммен инфекция жағдайлары өте аз, ал популяцияда "дельтаға" да, "омикронға" да ұжымдық иммунитет жартылай қалыптасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу