Ғалымдар Леонардо да Винчи шығармасынан ДНҚ іздерін тапты

315

Дегенмен, алынған нәтижелер әлі де тексеруді қажет етеді.  

Ғалымдар Леонардо да Винчи шығармасынан ДНҚ іздерін тапты Фото: Wikimedia Commons

Алғашқы зерттеулердің нәтижесінде, зерттеу үлгісі мен өнер туындысындағы генетикалық материал арасында да Винчи отбасының генетикалық байланысы бар екені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Зерттеу тобына жетекшілік еткен америкалық ғалым Хариндер Сингх, Дж. Крейг Вентер институтының өкілі. Оның тобы "Қасиетті сәби" деп аталатын жеке коллекциядағы нәрестенің басының суретін зерттеді. Ғалымдар микроскопиялық үлгілерді суреттің алдыңғы және артқы жағынан алды. Бактериялардың, саңырауқұлақтардың, өсімдіктер мен жануарлардың ДНҚ-сымен қатар, адамзатқа тиесілі генетикалық материал да табылды.

Алайда, бұл зерттеу жұмысына кедергі келтіретін бір мәселе бар. Суреттің нақты авторы белгісіз, өнертанушылар бұл жұмысты Леонардо да Винчидікі деп тек болжамға сүйеніп, айтқан.

Сондай-ақ, ДНҚ фрагменттері қатты зақымдалған және олар әртүрлі адамдарға тиесілі болуы мүмкін, себебі ғасырлар бойы көптеген адамдар бұл туындыға қол тигізген.

Зерттеу тобына 30-дан астам ғалым кіреді, олардың арасында генетиктер, антропологтар, археологтар және өнертанушылар бар. Сонымен қатар, олар да Винчи ұрпақтары, яғни әкесі жағынан оның 15 тірі ұрпағының ДНҚ-сын зерттеуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу