Ғалымдар: Тафтан жанартауы 700 мың жылдан кейін оянуға шақ тұр

172

Зерттеушілер осындай пайым жасады.  

Ғалымдар: Тафтан жанартауы 700 мың жылдан кейін оянуға шақ тұр Фото: jang.com

Иранның оңтүстік-шығысында, Ауғанстан мен Пәкістан шекарасына жақын орналасқан Тафтан жанартауында ерекше белсенділік байқалған, деп жазады inbusiness.kz сайты АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, теңіз деңгейінен 4 мың метр биіктікте орналасқан жанартау ұзақ уақыт бойы сөніп қалған деп есептелген. Ол соңғы рет шамамен 700 мың жыл бұрын атқылаған деп болжанған.

Geophysical Research Letters журналында жарияланған зерттеуде көрсетілгендей, жанартау шыңындағы қысым артып келеді.

– Болашақта не күшті атқылау болады немесе бұл процесс әлдеқайда тыныш өтеді, – дейді вулканолог Пабло Гонсалес Live Science порталына берген сұхбатында.

Пабло Гонсалес және оның әріптестері жаңа спутниктік деректерді талдаған. Суреттер бойынша, Тафтан шыңы 10 ай ішінде 9 см көтерілген. Бір қарағанда бұл аз көрінгенімен, ұйқыдағы жанартау үшін әр сантиметр маңызды сигнал саналады.

Ғалымдардың айтуынша, бұл жанартау қайтадан "тыныс ала бастады" дегенді білдіруі мүмкін және жергілікті билік жағдайды әрі қарай зерттеу үшін қаражат бөлуі қажет. Белсенділіктің белгісі тек шыңның деформациясымен ғана шектелмейді.

2 жыл бұрын әлеуметтік желілерде Тафтанның жарықтарынан газ шығатынын көрсететін суреттер пайда болған. Жанартаудан 50 шақырым жердегі Хаш қаласында тұрғындар газдың иісін сезген көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу