Ғалымдар жер шарының қызуын өлшейді

98

Кейінгі он жыл, яғни 2015 пен 2025-тің арасы тарихтағы ең ыстық кезең.  

Ғалымдар жер шарының қызуын өлшейді Фото: timeskuwait.com

Дүниежүзілік метеорогиялық ұйымның мәліметі бойынша, орташа жаһандық температура  индустрияландыру кезеңіне дейінгі деңгейден 1,5 градусқа жоғарылаған, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Мұны тоқтату үшін 2030 жылға қарай көмірқышқыл газының таралуын 45 пайызға азайту қажет. Әйтпесе әлемді қуаңшылық пен өрт жайлап, мұздықтардың еруі мен су тасқыны сияқты табиғи апаттарға қауқарсыз боламыз. Бұл үдерістер қазір үдей түсті.

Климаттың өзгеруінен тек АҚШ армиясына 15 млрд доллар шығын келген. 2023 жылы сұрапыл дауылдан екі әскер база қирады. Сол жылы Нью-Йоркте әскери академия ғимаратын су басты. Алайда Президент Трамптың экологияға бас қатырғысы жоқ. Ол тіпті климаттың өзгерісін зерттеуге бағытталған 100-ден аса бағдарламаны тоқтатып, жаһандық жылу сөзін қолданбауды бұйырған.

Ал, Ұлыбритания климаттың өзгерісін қатаң бақылауға көшті. Тұманды Альбион ғалымдары ғаламшардың “қызуын өлшейтін” арнайы жер серігін құрастырды. Бұл құрылығы көкке келер жылы аттанады.

Заманауи технология инфрақызыл сәулелі камералар негізінде жұмыс істейді. Ғалымдар үлкен телескопты шағын аппаратқа орнатудың жолын тапқан. Бұл жоба шығынды азайтады және бұрын тек әскери мақсатта қолданылса, енді ғылыми тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік туады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу