Ғалымжан Елеуов Мәжіліс депутаты қызметінен кетті

455

Бұл шешімге 94 депутат дауыс берді. 

Ғалымжан Елеуов Мәжіліс депутаты қызметінен кетті Фото: parlam.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды жақтап дауыс берді. 

Осы сессиядағы палатаның бірінші жалпы отырысында мәжілісмендер Парламент мәжілісінің депутаты Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді.

"Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовтің Орталық сайлау комиссиясына депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізуіне байланысты ОСК тиісті ұсыныс енгізеді", – деді ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Депутаттар экс-мәжілісменді шығарып салып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу