Ғалымжан Пірматов Ұлттық банктің инфляцияға қатысты болжамын айтты

613

Соңғы уақытта Ұлттық Банк ба­залық мөлшерлемені екі мәрте кө­терді. Ал кейінгі жолы оны өзгеріссіз сақ­тап қалды. Мұндай шешім қабыл­дауға не себеп болды?

Ғалымжан Пірматов Ұлттық банктің инфляцияға қатысты болжамын айтты

Бұл сұраққа Бас банк төрағасы Ғалымжан Пірматов жауап берді.

"Бұл шешім осы жылдың мамыр-маусым айларында жүргізілген болжамдық раундтың қорытындысы негізінде қабылданды. Біз инфляция өсіп, жыл соңына қарай 13-15 пайыз деңгейінде қалыптасады деп болжап отырмыз", – деді ҰБ басшысы Egemen Qazaqstan-ға сұхбатында.

Ғалымжан Пірматов инфляцияның үдегеніне басқа емес, дәл осы геосаяси жағдайдың шиеленіскені әсер еткенін еске салып өтті. Салдарынан Қазақстанның қаржы нарығына қысым да айтарлықтай күшейген.

"Ресей Феде­ра­циясына қарсы санкцияларға байланыс­ты жаһандық жеткізілім тізбегіндегі проблемалардың күрделенуі әлемдегі өн­діріс құнының қымбаттауына алып келіп отыр. Шешім қабылдағанда біз осы факторлардың барлығын еске­реміз.

Орта мерзімді кезеңде инфляцияны бәсеңдету мақсатымен инфляция­мен күрес және экономиканың өсуі арасындағы теңгерімді ескере отырып, біз базалық мөлшерлемені 14 пайыз деңгейінде сақтап қалдық.

Базалық мөлшерлеменің жоғары болуы контрциклдік бюджет саясатымен және сыртқы инфляциялық қысымның әлсіреуімен бірге 2023 жылы инфляцияның 7,5-9,5 пайызға дейін баяулауына ықпал етеді", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу