Гандболдан әлем чемпионатының жеңімпазы анықталды

260

Қазақстан құрамасы 30-орынмен аяқтады.

Гандболдан әлем чемпионатының жеңімпазы анықталды Фото: eurosport.fr

Хернинг қаласында (Дания) гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

Финалда Норвегия мен Франция құрамасы кездесті. Бұл ойында 31:28 есебімен Франция жеңіске жетті.

Осылайша, Франция құрамасы тарихта үшінші рет әлем чемпионы атанды (бұған дейін олар 2003 және 2017 жылдары әлем чемпионы атанған).

2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесін Дания құрамасы жеңіп алды, үшінші орын үшін өткен кездесуде олар Швеция құрамасын 28:27 есебімен ұтты.

Бұл сынға Қазақстан құрамасы да қатысқан, олар алты ойынның бірінде ғана жеңіске жетіп, турнирді 30-орынмен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу