Ғани Бейсембаев сынып жетекшілеріне төленетін ақы неге өспей жатқанын айтты

416

Бұл мәселе әлі шешімін таппаған көрінеді. 

Ғани Бейсембаев сынып жетекшілеріне төленетін ақы неге өспей жатқанын айтты Фото: Үкімет

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін тқленетін үстемеақыға қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер сынып жетекшілігі үшін үстемеақы 30 пайызға қашан артуы мүмкін екенін нақтылады.

"Бұл мәселе әлі өзінің шешімін тапқан жоқ, талқыланып жатыр. Өйткені қаржыға қатысты мәселе ұзақ талқылауды қажет етеді. Бұл мәселеге Оқу-ағарту министрлігі ғана емес, басқа да мемлекеттік органдар да араласатыны белгілі. Бұл қаржы және ұлттық экономика министрліктері. Біз бұл мәселені әрі қарай да жалғастырамыз. (...) Оқу-ағарту министрлігі өзінің бұл бағыттағы ұстанымынан айныған жоқ. Бізге мәселенің тезірек шешілгені ыңғайлы. Бұл қаржының жеткілікті болуына байланысты. Дәл қазір дөп басып айту қиын", - деді ведомство басшысы.

Айта кету керек, былтыр күзде енді сынып жетекшілігі үшін төленетін ақы 30 пайызға дейін артуы мүмкін екенін жазған болатынбыз. Бұл жаңашылдық 220 мыңнан астам сынып жетекшісіне қатысты болады. Мұғалімдер сынып жетекшілігі үшін бар болғаны 10 мың теңге алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу