Ғарыштық бақылау арқылы Атырауда қоқыс орындары анықталды

308

Бұл туралы Атырау облыстық экология департаменті хабарлады.  

Ғарыштық бақылау арқылы Атырауда қоқыс орындары анықталды Фото: Атырау облыстық экология департаменті

Атырау облысында заңсыз тұрмыстық қалдықтарды анықтау және тазалау жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ жыл сайын жүргізетін спутниктік бақылау нәтижесінде 2025 жылы облыс аумағында рұқсатсыз қалдықтардың 40 орны анықталды. Оның ішінде: Атырау қаласы – 19, Махамбет ауданы – 7, Жылыой ауданы – 13, Мақат ауданы – 1.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қоғам белсенділері әлеуметтік желілер арқылы жауапты органдарды белгілеп, рұқсатсыз қоқыс орындарын хабарлап отыр.

10 қыркүйек күні "Жөнеген" зираты маңында тазарту жұмыстары жүргізілді. Оған департамент мамандары, табиғи ресурстар басқармасы өкілі, "Арнаулы автобаза" ЖШС коммуналдық қызметкерлері және 4 бірлік арнайы техника қатысты.

Соңғы деректер бойынша, Атырау қаласынан 5, Жылыой ауданынан 13, Мақат ауданынан 1, Махамбет ауданынан 3 рұқсатсыз қоқыс орны тазартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу