Гавай аралдарында эвакуациядан бас тартқандар қамауға алынады

762

Гавай аралдарында эвакуациядан бас тартқандар қамауға алынады

АҚШ-тың Гавай аралдарында жергілікті билік Килауэа жанартауының атқылауына байланысты бірнеше ауданның тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірмек. Бұл ақпарат штаттың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды 24.kz.

Федералдық агенттік өкілдерінің айтуынша, эвакуациядан бас тартқан адамдар қамауға алынады.

Ресми дерекке сүйенсек, 10 мыңға жуық адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге орналастырылуға тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 77 тұрғын үй лава астында қалып қойған болатын. Осы жағдайға байланысты ел президенті Дональд Трамп штатты апат аймақ деп жариялады.

Айта кету керек, Гавай аралдарында орналасқан Килауэа жер-жаһандағы ең белсенді жанартаулардың қатарына кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу