Гавайда 200 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

377

Аймақта бірнеше күннен бері "Лала" дауылы басылмай тұр.  

Гавайда 200 мыңнан астам үй жарықсыз қалды Фото: nytimes.com

Салдарынан бір адам опат болып, кемінде 100 үй бүлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті биліктің мәліметінше, кей аудандарда тәулік ішінде 80 сантиметрден астам жауын түскен. Қазір электр желілері қалпына келтіріліп, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Желдің екпіні сағатына 105 шақырымға бәсеңдегенімен, қауіп сейілмей тұр.

Синоптиктердің болжауынша, дауыл аралдың батысына қарай жылжып барады. Бірақ дауыл соңы тасқынға ұласуы мүмкін деген қауіп бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу