Гавайидегі өрт салдарынан 50-ден аса адам қаза тапты

484

Өрт құрбандарының саны 53 адамға жеткен.  

Гавайидегі өрт салдарынан 50-ден аса адам қаза тапты Фото: pixabay.com

АҚШ билігі тілсіз жау салдарынан қаза тапқандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін жеткізді, деп жазады inbusiness.kz www.bbc.com сілтеме жасап.

Осыған дейін Гавайи аралдарындағы өрттен 36 адам көз жұмды деп хабарланған болатын.

Ресурстың жазуынша, өрт аптап ыстық пен құрғақшылық нәтижесінде болған. Өрттің тез таралуына “Дора” дауылынан болған қатты жел ықпал еткен. Федералды күштер мен құралдар өрт және оның салдарымен күресуге жіберіледі. Биліктің мәліметінше, өрт 1700-ден астам үйді қиратып, 11 мың адам жарықсыз қалған. Тағы 2 мыңнан астам тұрғын түнді уақытша баспанада өткізуге мәжбүр болды.

Гавайидегі орман өрттері Калифорния немесе АҚШ-тың басқа штаттарындағы сияқты ауқымды емес, алайда жергілікті тұрғындар бұрын-соңды мұндай болмағанын айтады. Әсіресе Лахайна ең көп зардап шеккен аймақ. Қала толығымен дерлік жойылған, көптеген ғимараттың тек қирандылары қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу