Газ бағасы тағы да шарықтады

750

Маңғыстаулықтар өңірде сұйытылған газ бағасының тағы да шарықтап кеткеніне наразы.  

Газ бағасы тағы да шарықтады

Бейнеу ауданының тұрғындары әлеуметтік желіде көлік отыны 85 теңгеден сатылып жатқанын айтса, Ақтаудағы газ құю бекеттерінде бір литр газдың бағасы 72-75 теңге.

Сұйытылған газ бағасына қатысты облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Орынбасаровтың айтуынша, өңірде көгілдір отынға деген ай сайынғы қажеттілік 18 мың тоннаны құрайды. Ал оның 14 500 тоннасы Жаңаөзендегі газ зауытынан алынса, қалған 3 500 тонна өнімді Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты береді. Қазір сұйытылған газ көлемінің 70 пайызы электронды сауда алаңында сатылып жатыр. Ал келер жылдың қаңтарынан бастап көгілдір отын 100 пайыз электронды алаңда саудаға түседі.

"Басқа облыстарға қарағанда біздің өңірде баға төмен. Атырауда құн жоғары болып, Маңғыстауда төмен болса, ол жерден өнім алмайтын қауіп бар. Сол кезде тапшылық болады. Тапшылық болса, тағы да бағаның өсуіне алып келеді. Сондықтан электронды сауда алаңына көшіп жатырмыз. Біздің өңірдегі газдың қымбаттауы Атырауда газ бағасының өсуіне байланысты. Ал кәсіпкерлер зауыттан сатып алған отын бағасының үстіне тағы қосады. Содан соң, көгілдір отынның бағасы сұранысқа да байланысты өзгереді. Сол себепті бағаны нарық реттейді", – деді Маңғыстау облысының энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Орынбасаров.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу