Газ баллоны жарылып 4 адам қаза тапты

860

Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Atameken Business.    

Газ баллоны жарылып 4 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға Қармақшы ауданына қарасты Жосалы кентінде болған. Құтқарушылар үйінді мен өрттің ішінен 1981 жылы туған үй иесі, 2000 жылғы қыз және 2001 жылы туған көршісі мен осы үйдің 1999 жылғы туысының мәйітін алып шыққан. Өрт сөндіру қызметі келгенше, көршілері 1950 жылғы адамды үйден шығарып, ауруханаға жеткізген екен. Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, түскі сағат 13:30 кезінде үйдегі 27 литрлік газ баллоны жарылған. Салдарынан 144 шаршы метр аумақ отқа оранған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу