Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетіп, қонақ үйлерге орналастырылды – СІМ

218

Құжат рәсімдеу мәселелері қаралу үстінде.

Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетіп, қонақ үйлерге орналастырылды – СІМ Фото: видеодан скрин

Бүгін Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетіп, қонақ үйге жайғасты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері оларға барлық қажетті көмекті, оның ішінде психологиялық қолдау көрсетуде. Сонымен қатар ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелеріне құжат рәсімдеу мәселелері қаралу үстінде", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Газа аумағынан жүзге тарта отандасымыз эвакуацияланғаны хабарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу