Газа секторында әр 10 минут сайын бір бала қаза табады – ДДСҰ

340

Жергілікті 36 аурухананың жартысы қазір жұмыс істемейді.  

Газа секторында әр 10 минут сайын бір бала қаза табады – ДДСҰ Фото: Reuters

Дүниежүізілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторында әр 10 минут сайын бір бала қаза болып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Газа секторында 10 800-ден астам адам қаза тапты, олардың 70%-ы –  әйелдер мен балалар. Шамамен әр 10 минут сайын бір бала ажал құшады", – деді ол Таяу Шығыстағы жағдайды талқылау үшін өткізілген БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, Газадағы 36 аурухананың жартысы, алғашқы медициналық көмек орталықтарының 60% жұмыс істемейді.  

"Науқастар аурухана дәліздерінде жатыр. Хирургиялық операциялар анестезиясыз жасалуда", - деді Тедрос Адханом Гебрейесус.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу