Газа секторында бір тәулікте 5 палестиналық қаза тапты

105

Сондай-ақ, тағы 5 адам жарақат алған.

Газа секторында бір тәулікте 5 палестиналық қаза тапты Фото: Тарек Альян

Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі соңғы бір тәулікте Израиль шабуылдары салдарынан 5 палестиналықтың қаза тапқанын, тағы 5 адамның жараланғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Израиль армиясы атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, түрлі себептермен Газа секторына соққыларын жалғастырып келеді.

Министрліктің деректеріне сәйкес, соңғы 24 сағат ішінде палестиналық анклавта 5 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алған.

Жалпы 2025 жылғы 10 қазанда атысты тоқтату режимі күшіне енген сәттен бері Газа секторында 586 адам көз жұмып, 1 558 адам жараланған. Сонымен қатар ғимараттардың қирандылары астынан 717 адамның мәйіті шығарылған.

2023 жылғы қазаннан бері басталған Израиль шабуылдарының салдарынан Газа секторында қаза тапқандар саны 72 037 адамға жеткен, ал жараланғандар саны 171 666 адамды құраған.

Сондай-ақ ведомство мәліметінше, Газа секторындағы қираған нысандардың астында әлі де мыңдаған адамның денесі жатуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу