Газа секторындағы балаларға вакцина салынып жатыр

106

Иммундау жұмыстары 18 қарашаға дейін жалғасады.  

Газа секторындағы балаларға вакцина салынып жатыр Фото: "Анадолы" агенттігі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ-ның Балалар қоры Газадағы 44 мың балаға медициналық көмек көрсетіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қақтығыс басталғанға дейін Газада 54 вакцинация орталығы жұмыс істеген. Бұл аймақ балаларды иммундау көрсеткіші бойынша әлемдегі үздік өңірлердің бірі болған.

– Соғыс 20 мыңнан астам баланың өмірін қиып кетті. Енді аман қалғандарын қорғау – біздің қолымызда. Әрбір балаға екпе егу, олардың денсаулығын сақтау және дұрыс тамақтануына жағдай жасау – тек гуманитарлық шара ғана емес, бұл – адамгершілік жауапкершілік, – деді ЮНИСЕФ-тің Палестина Мемлекеті жөніндегі өкілі Джонатан Вейтч.

Науқан аясында ЮНИСЕФ Газа секторына түрлі вакциналар, медициналық құрал-жабдықтар және 11 түрлі тағамдық қоспалар жеткізеді.

Екпе жұмыстары Газа аумағындағы 149 медициналық мекемеде және 10 мобильді топ арқылы жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу