Газадағы ең үлкен аурухана неліктен соғыстың "эпицентріне" айналды?

526

Мыңдаған палестиналық аурухана мен оның айналасын паналап отыр.

Газадағы ең үлкен аурухана неліктен соғыстың "эпицентріне" айналды? Фото: Абед Халед/AP

Сәрсенбі күні Израиль күштері Газадағы ең ірі Әл-Шифа ауруханасына рейд жүргізіп, ХАМАС-ты үлкен кешен астындағы туннельдерден операция жасады деп айыптады. Алайда содырлар тобы мен аурухана басшылығы бұл мәлімдемені жоққа шығарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

БҰҰ болжамынша, мыңдаған палестиналық аурухана мен оның айналасын паналап отыр. Бұл жер аймақтағы шайқастың басты ошағына айналды. Дәрі-дәрмек пен жанар-жағармай таусылғандықтан бұл жер әлсіз науқастар мен қоныс аударған палестиналықтарға толы.

CNN мәліметінше, аурухананың негізгі ғимараты жұмысын тоқтатқан, дәрігерлер шам жарығымен жұмыс істеп, шала туған нәрестелерді аман алып қалу үшін  фольгаға орап жатыр,  аурухана ішіндегі жағдай адам айтқысыз.

Соңғы күндері аурухана соғыс ошағына айналған, қарулы күштердің бұл жерге көптеп топтаса бастаған. Палестиналықтар Әл-Шифа төңірегіндегі шайқастарды Израильдің Газадағы азаматтық өмірге немқұрайлы қарауының дәлелі деп санайды.  Израиль өз кезегінде ХАМАС ауруханадағы бейбіт тұрғындарды тірі қалқан ретінде пайдаланып отыр деп айыптады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу