Израиль тарапы соққылар тұрғындарға емес, ХАМАС пайдаланатын ғимараттар, зымыран тасығыш, туннельдер және басқа да инфрақұрылымдарға бағытталғанын алға тартты.
Газаның Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні Израильдің шабуылдарынан 24 сағат ішінде кемінде 60 адам көз жұмды деп хабарлады.
Сондай-ақ сенбі күні гуманитарлық жүк артып бара жатқан жүк көліктерін күзетіп тұрған қарулы алты палестиналық Израильдің ұшқышсыз ұшағының соққысынан қаза тапты. IDF бұл адамдарды ХАМАС мүшелері деп мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу