Газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бекітілді

900

Ішкі нарықтағы тарифтер осы жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 30 маусымына дейін қолданыста болады.

Газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бекітілді

Елімізде тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды Atameken Business.

Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, ішкі нарықтағы тарифтер осы жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 30 маусымына дейін қолданыста болады.

Өңірлердегі бағаларға тоқталсақ, ең қымбат газ Түркістан облысы мен Шымкентте сатылмақ, шамамен 21 мың теңгеге. Ал ең арзан газ – Ақтөбе облысында, 1 мың текше метрі 5 мың 574 теңгеге бағаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу