"Газпром" компаниясы "Нафтогазға" 1,4 миллиард доллар өтемақы төлейтін болды

123

Мұндай шешімді Астана соты шығарды.  

"Газпром" компаниясы "Нафтогазға" 1,4 миллиард доллар өтемақы төлейтін болды Фото: EPA

Бұл туралы "Нафтогаз" украиналық компаниясының басшысы Сергей Корецкий мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) соты украиналық "Нафтогаздың" пайдасына Ресейдің "Газпром" компаниясынан шамамен 1,4 миллиард доллар өндіріп алуға рұқсат берді.

Сергей Корецкийдің айтуынша, Қазақстан швейцариялық арбитраж шешімін ресми түрде танып, оны мәжбүрлі түрде орындатуға мүмкіндік берген алғашқы шетелдік юрисдикция болды.

"Бұл – аталған арбитраж шешімін жеке бір юрисдикцияда мәжбүрлі түрде орындауға мүмкіндік берген алғашқы жария шетелдік сот шешімі. Біз Ресейдің газ монополиясынан өтемақы өндіру бойынша әлемнің түрлі елдерінде жүйелі жұмысты жалғастырып жатырмыз", – деді "Нафтогаз" басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу