Геннадий Головкин мен кіші Крис Юбенк биыл кездесуі мүмкін

1030

Геннадий Головкин мен кіші Крис Юбенк биыл кездесуі мүмкін

IBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы кіші Крис Юбенк осы жылы IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесетінін мәлімдеді, деп хабарлады  vesti.kz 
"Бұл жекпе-жекті мен және көпшілік асыға күтіп отыр. Мен бұған 100 пайыз сенімдімін. Мен Головкинді соңғы екі жыл жекпе-жекке шақырып жүрдім. Біздің жекпе-жек 2017 жылы өтеді", - деп келтіреді кіші Юбенктің сөзіне Boxingscene.com басылымы. 
Кіші Юбенк өткен сенбі күні Лондонда өткен жекпе-жекте австралиялық Ренольд Куинланды нокаутқа түсіріп, IBO тұжырымы брйынша әлем чемпионы атанған еді. Дәл сол кездесуден кейін ол бірден Головкинді жекпе-жекке шақырды. 
Ал оның әкесі болса бір аптадан кейін Головкиннің командасымен келіссөз өткізу үшін кездесетінін айтқан болатын. Оның айтуынша, олар бұл кездесуді 2017 жылы өткізіп, тіпті қалай жеңу керек екенін де біледі екен. 
Айта кетейік, кіші Юбенктің 2016 жылы Головкинмен кездесетін мүмкіндігі бар еді. Екі боксшының командасы қыркүйек айында кездесу туралы келіссөз жүргізген. Алайда келіссөз Юбенктің әкесінің тым көп гонарар сұрауына байланысты тоқтап қалды.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу