Геннадий Головкин мен Стив Роллс көз арбасты

570

Боксшылардың жекпе-жегі 8 маусым күні өтеді. 

Геннадий Головкин мен Стив Роллс көз арбасты

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жек алдында көз арбасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Былғары қолғап шеберлерінің жүздесуі Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында ұйымдастырылған алғашқы баспасөз-мәслихатынан соң өтті. Боксшылардың жекпе-жек тап осы алаңда 8 маусым күні өтеді. Олар 164 келіге дейінгі аралық салмақта бақ сынасады. Қазақстандық боксшы үшін бұл DAZN стриминигтік сервисімен жасалған 6 келісімшарттың алғашқысы болмақ.  

Айта кетейік, Геннадий өзінің соңғы кездесуін 2018 жылдың 15-ші қыркүйегінде  өткізді. Ол кездесуді төрешілердің басым даусы бойынша  Сауль Альвареске (51-1-2, 34 КО) ұтылып қалды. Роллс соңғы рет рингке 15 желтоқсанда шығып, америкалық Кеандре Лезервудты (21-6-1, 13 КО басым дауыспен жеңді.

Айта кетейік, желіде аталған бокс кешіне билеттер сатылып жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу