Геннадий Головкиннің жекпе-жегі "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан көрсетіледі

917

9 сәуір күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кәсіпқой рингтегі 44-кездесуін өткізеді. Бұл жекпе-жекте Головкинның IBF, IBO және Муратаның WBA Super чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.

Геннадий Головкиннің жекпе-жегі "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан көрсетіледі

Кәсіпқой бокс кешін "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.

Онлайн qazaqstantv және qazsporttv.kz сайты мен "Qazaqstan.tv" мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу