Қазақстандық 4 оқушы географиядан халықаралық Олимпиадада ел намысын қорғап жатыр

128

Тайланд астанасы Бангкок қаласында Географиядан халықаралық олимпиада (International Geography Olympiad – IGeO) өтіп жатыр.   

Қазақстандық 4 оқушы географиядан халықаралық Олимпиадада ел намысын қорғап жатыр Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Беделді білім сайысына әлемнің 50-ге жуық елінен 200-ден астам оқушы қатысуда. Олимпиада 1 тамызға дейін жалғасады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

IGeO үш кезеңнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тапсырмалар және далалық зерттеу туры.

Қазақстан ұлттық құрамасы олимпиада резерві мүшелерінен жасақталған:
Ақжол Болат – Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
Андрей Енбахтов – Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы;
Алихан Калмагамбетов – Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
Талғат Байбусунов – Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:

Абай Дүйсен – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;
Рустам Валеев – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 2-курс студенті.

Анықтама: Географиядан халықаралық олимпиада 1996 жылдан бері Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен ұйымдастырылып келеді. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың география және қоршаған орта саласына қызығушылығын арттырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Қазақстан бұл жарысқа 2012 жылдан бастап тұрақты түрде қатысуда. 2024 жылы еліміздің құрамасы 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу