"ҚазМұнайГаз" және ExxonMobil бірлескен жобаларды талқылады

112

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астана қаласында "ExxonMobil" компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесті.  

"ҚазМұнайГаз" және ExxonMobil бірлескен жобаларды талқылады Фото: t.me/kmgpress

Тараптар геологиялық барлау, мұнай тасымалдау және өндіріске инновациялық технологияларды енгізу бағыттарындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгінде компаниялар арасында қол қойылған құпиялылық туралы келісім аясында ExxonMobil Қазақстандағы перспективті геологиялық барлау учаскелерін егжей-тегжейлі зерттеп жатыр.

– Барлау және өндіру саласында жер қойнауы учаскелерінің әлеуетін анықтау үшін терең сараптама жүргізу аса маңызды. Ресурстық базаны толықтыру стратегиясы аясында ҚМГ ExxonMobil-ді еліміздегі жобаларды іске асыруда сенімді серіктес ретінде қарастырады. Қазіргі уақытта компаниялар барлық негізгі бағыт бойынша нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін, – деді Асхат Хасенов.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мұнайын тасымалдаудың қосымша экспорттық бағыттарын дамыту жөніндегі мәселелерді сөз етті.

Бұдан бөлек, кездесуде ҚМГ мен ExxonMobil арасында 2025 жылы қол қойылған Мұнай-газ секторында жаңа технологиялар бағытындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың алдағы жоспарлары қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу