Геологиялық барлау жұмысына 165 млрд теңге қаржы жұмсалуы мүмкін

1122

Еліміздің 500 мың шаршы шақырымнан астам аумағында геологиялық барлау жүргізіледі.  

Геологиялық барлау жұмысына 165 млрд теңге қаржы жұмсалуы мүмкін

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев осылай мәлімеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз геологиялық барлау жұмыстарының сатыларын қою үшін шамамен 295 перспективалы жобаны анықтауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда Ұлттық геологиялық қызмет құру маңызды. Оның аясында біз бесжылдық инвестициялық жобалар пулын ұсынуды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, 20-дан астам жобаны қолға алуға болады. Кен барлау ісіне инвестицияны осы жобалар арқылы тартамыз", – деді Серікқали Брекешев.

Министрдің орынбасары жобаны жүзеге асыруға алдағы 5 жылда шамамен 165 млрд теңге бюджет қаржысы қажет екенін жариялады. Бұған қоса ол осының есебінен 950 млрд теңге инвестиция тартуға болатынын баяндады.

"Бюджеттің әр теңгесіне шамамен 4-5 теңге жеке инвестиция тартамыз", –  деді Серікқали Брекешев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу