Геологтардың жазылмаған ережесі бұзылып жатыр

799

Пайдалы қазбалар қоры баяу толығады. Оны тиісті деңгейде ұстап тұру үшін, өндірілген 1 тонна өнімнің орнын 2 тонна қормен толтыру қажет.  

Геологтардың жазылмаған ережесі бұзылып жатыр

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, бұл – геологтардың жазылмаған ережесі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Геологтар арасында жазылмаған ереже бар. 1 тонна өндірсең, орнын 2 тонна қормен толтыру керек. Бүгінде қатты пайдалы қазбаларды өндіру көлемі мен толығудың арасындағы өсу коэффициенті орташа есеппен 0,13, мұнай қорының толығу коэфиценті – 1,5", – деді вице-министр. 

Серікқали Брекешевтің айтуынша, геологтардың жазылмаған ережесінің бұзылуы кен қорының азаюына түрткі болады. 

"Еліміздегі кен қорының ортайғанын Қашағандағы мұнайдың қоры білдірмей тұр. Қашаған болмаса, кен қорының толығу коэффициенті 0,9 белгісінде болар еді. Бұл проблеманы шешу үшін жаңа перспективалы учаскелерді жедел анықтап, ескі кен орындарын жақсылап барлау қажет. Геологиялық барлауға жеке инвесторларды тарту керек. Өйткені жаңа кен орнын ашқаннан кейін оны іске қосу үшін кемінде 10-15 жыл керек", – деді министрдің орынбасары. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу