Геосаяси жағдайға байланысты АХҚО-да қатысушылардың кетуі байқалмайды

830

Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. 

Геосаяси жағдайға байланысты АХҚО-да қатысушылардың кетуі байқалмайды

Кеңес аясында АХҚО-ның инвестициялық ахуалды жақсартудағы рөлі, Қаржы орталығының қазіргі жай-күйі және қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялар топтамасының ықтимал әсері мәселелері талқыланды.

"Бүгінгі таңда АХҚО экожүйесінде 1 200 компания тіркелген, ресейлік компаниялар саны 5%-дан аспайды. АХҚО бірқалыпты жұмыс қарқынын сақтап отыр. Қатысушылардың кету жағдайлары байқалмайды", – деді АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов.

ҚР Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне халықаралық салық салу мәселесін қосымша пысықтау тапсырылды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу